«TAZUNA» САЛОНЫ
LF-30 дизайн үлгісінде алғаш рет көрсетілген «Tazuna» таңғажайып тұжырымдамасы жаңа NX автокөлігінде ұсынылды. Жол мен рульді барынша сезіне отырып, жүргізуден керемет әсер алуды қамтамасыз ететін NX салонының құрылуына шабандоз бен тұлпар арасындағы тізгін арқылы өтетін байланыс түрткі болған (Tazuna).
ҚОЗҒАЛЫС РЕЖИМІН ТАҢДАУ
Рульдің жанында орналасқан Drive Mode Select жүйесі жүргізушіге автокөліктің тиімділігін, динамикасын немесе талғампаздығын арттыру үшін Eco, Normal және Sport режимдерін таңдауға мүмкіндік береді. Eco және Normal режимдеріне қоса, жаңа NX F SPORT көлігінің қосымша Custom, SportS және SportS+режимдері бар.
LEXUS SAFETY SYSTEM + ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ
Lexus Safety System + ең жаңа қауіпсіздік жүйесі кез келген жағдайда, қала қозғалысы ағымында немесе автожолда, күндіз немесе түнде, қиылыстарда, бұрылыстарда немесе жол қатарын ауыстырған кезде, сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін, әрдайым жаныңызда болатын екінші жүргізушіңізге ұқсайды. Апаттардың алдын алудың жаңа дәуірін белгілейтін технологияны қолдана отырып, мысалы, жаңартылған соқтығысудың алдын алу жүйесі күндізгі уақытта мотоциклдарды және түнде жаяу жүргіншілерді анықтай алады.
ҚАУІПСІЗ ШЫҒУ ЖҮЙЕСІ (SEA)
Safe Exit Assist жүйесі артқы жағынан келе жатқан автокөлік пен велосипедшілер сияқты қозғалысты бақылау үшін соқыр аймақ мониторын қолданады және қажет болған жағдайда есікті (есіктерді) жабық ұстау үшін e-Latch бекіткішін қолданады, осылайша есіктердің ашылуы салдарынан болатын апаттар қаупін 95%-ға төмендетеді.
КӨП АҚПАРАТТЫ ДИСПЛЕЙ
Бұл 7 дюймдік түсті TFT (Thin Film Transistor) дисплейі негізгі басқару құрылғыларына біріктірілген және қауіпсіздік туралы ескертулер мен навигациялық нұсқауларды қоса алғанда, барлық негізгі мәліметтерді хабарлайды. Қарқынды жүргізу үшін дисплей сіздің қалыпты, үнемді немесе спорттық режимде болуыңызға байланысты сыртқы түрі мен мазмұнын өзгертеді.
ЖАҢА МАРКАЛЫ РАДИАТОР ТОРЫ
Соңғы NX үшін біздің дизайнерлер жаңа қуатты көріністі жасауға бел буды. Интеграцияланған жақтауы бар неғұрлым динамикалық радиатор торы жасалды. Жаңа дизайн жүктемені азайтуға ғана емес, сонымен қатар автокөоліктің динамикалық әсерін баса көрсетеді. Қызықты тор үлгісін жасау үшін жұқа U-тәрізді элементтер қолданылды. Соңында, тік тордың дизайны төменгі жағындағы үш саңылаумен бірге салқындатудың тиімділігін арттырады.
ТӨРТ ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРА
Осы таңғажайып 4 проекторлы жарықдиодты фараның ерекше әсер қалдыратын қара жиектері бар. Жарық Lexus автокөліктеріне тән L-тәрізді күндізгі жарық шамдары (DRL) арқылы ерекшеленеді.
ЖАҢА LEXUS BLADE ШАМДАРЫ
Жаңа NX автокөлігінің артқы жағында бүкіл ені бойынша Lexus автокөліктеріне тән L-тәрізді жарықтандыру дизайнындағы жаңа стильді шамдары орналасқан. Автокөліктің ортасында жаңа әрі заманға сай көрініс беретін жаңартылған Lexus логотипі орналасқан.
ПАНОРАМАЛЫҚ ТӨБЕ
Рейлингтермен бірге қолжетімді болатын әсерлі панорамалық әйнек төбесі де ашылады. Кабинада қосымша кеңістік пен күн сәулесін қамтамасыз ете отырып, ол күн сәулесінен қорғайтын жылжымалы электр қозғалтқышы бар пердемен жабдықталған. Сонымен қатар электр жылжымалы әйнек төбесі бар, ол жаңа NX автокөлігіне еркіндік сезімін беріп, қосымша кеңістік пен жарық береді.
ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІ БАР АРТҚЫ ЕСІК
Артқы есіктің өте жылдам және сезімтал қашықтан басқарылуы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді, бұл әсіресе қолдарыңыз сатып алған заттардан бос болмаған кезде қажет. Кілтіңіз қалтаңызда немесе сөмкеңізде болғанда, артқы есікті аяғыңызды жай ғана артқы бампердің астынан өткізіп, ашыңыз немесе жабыңыз.
LEXUS LINK MULTIMEDIA
9,8 дюймдік, сондай-ақ 14 дюймдік сенсорлы экранда жақсартылған ажыратымдылықпен пайдалану әлдеқайда жылдам және оңай.
17 ДИНАМИГІ БАР MARK LEVINSON® ДЫБЫСЫ
NX 350 Luxury және F SPORT кластарында қолжетімді, 17 динамигі бар Mark Levinson® Premium Surround жаңа жүйесі NX акустикалық қасиеттеріне бейімделген. Ол MP3 цифрлық сығымдалу орындалған кезде жоғалатын дыбысты қалпына келтіретін, Clari-Fi ™ функциясы бар теңдесі жоқ 7.1 арналы цифрлық үй кинотеатрын ұсынады. Дыбысты жақсарту үшін диаметрі 25 см болатын үлкен артқы сабвуфер жүксалғыштың кеңістігін кішірейтпестен үйдегі Hi-Fi жүйесінің динамигі сияқты 20 литрлік жүк бөлімінде жасырылған. Барлық санаттардың стандартты жиынтығына 10 динамигі бар премиум аудио жүйесі кіреді. Ол FM RDS тюнерімен және Bluetooth құралымен жабдықталған, сонымен бірге алдыңғы есіктердегі үлкен динамиктердің арқасында дыбыстың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
СМАРТФОНМЕН БІРІКТІРУ
Android Auto® немесе сымсыз Apple CarPlay® көмегімен жаңа NX смартфонның кейбір қолданбаларын 9,8 дюймдік немесе 14 дюймдік дисплейде оңай көрсетуге және қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Lexus көлігін сынақ кезінде жүргізіп, таңғажайып сезімдер алыңыз. Алдымен өзіңізге лайықты автокөлікті, орын мен уақытты таңдаңыз, қалғанын біз өзіміз жасаймыз.
Жаңа NX автокөлігінің сән-салтанатымен, талғампаздығымен және керемет көрінісінмен таныс болыңыз.