КОНЦЕПТ-КАРЛАР

Біздің батыл әрі жарқын концептуалды автокөліктеріміз Lexus-тің даму бағытын айқындайды. Болжап білуге болмайтын энергиясымен олар бізді болашаққа бастап, мүмкін еместі мүмкін етеді.
КОНЦЕПТ-КАРЛАР

КӨКЖИЕКТІ КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

Болашақта автокөліктер біз үшін ең басты әуестік пен шабыт алудың сарқылмас көзі болып қала береді. Біздің батыл концептуалды үлгілеріміз Lexus-тің даму бағытын айқындайды. LF-FC, LF-SA және UX концепт-карларының бірегейлігі расымен де әсерлі. Бұл автокөліктердің халықаралық автосалондарда өткен таныстырылымы көргендердің көз жауын алып, жүректерін лүпілдетті.

LS+ КОНЦЕПТІСІ

LS+ КОНЦЕПТІСІ

Автоматтандырылған басқарудың кең мүмкіндігіне ие Lexus LS+ концепт-карының әлемдік таныстырылымы болды.

UX КОНЦЕПТ-КАРЫ

UX КОНЦЕПТ-КАРЫ

UX концепт-карын Lexus-тің Еуропалық жобалау орталығы әзірледі. Ең басынан-ақ бұл үлгі желілік ортаның пайда болуын асыға күтіп жүрген прогрессивті қалалық жүргізушілердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.

LF-FC

LF-FC

Өте әсерлі LF-FC концептуалды автокөлігі тек сән-салтанат туралы үнемі өзгеріп отыратын ұғымдарды ғана емес, біздің клиенттеріміз үшін болашақты күні ілгері білуге деген ұмтылысымызды да көрсетеді.

LF-SA

LF-SA

Адуынды. Бірегей. Әсершіл. Қала үшін жаралған. LF-FC-дің жаңашылдығы оның шағын әрі қарқынды шанағынан өте кең салонына дейінгі әр элементінен көрінеді.