UX концепт-кары — бұл Lexus дизайны тарихындағы кезекті меже. Қалалық жағдайға арналған жаңа төрт орындық кроссовер кішігірім жол саңылауы бар купе шанағындағы толық жетекті қомақты жол талғамайтын үлгінің кескінін үйлестірген.
Бұл автокөліктің дизайны сыртқы кескін мен ішкі кеңістіктің өзара ықпалын ескеретін прогрессивті Inside-Out концепциясымен анықталады. Шанақтың артқы бөлігі артқы орындықтардың бас тірегіштерінің негізін құрай отырып, салонның қаңқасына өтеді.
Инновациялық Inside-Out дизайнерлік концепциясы әр бөлшектен көрініс тапқан. Мысалы, L іспетті күндізгі жүріс жарықтары енді негізгі жарық шамдарының бір бөлігі болып табылады, ал үш өлшемді артқы шамдар спойлерге орнатылған.
UX концепт-карының тіпті шиналары да мүмкін дүниенің шегін кеңейтеді. Протектор суреті дөңгелек шабақтарының геометриясы шиналардың бүйіріне қарай жалғасатындай етіп, лазердің көмегімен сызылған, бұл біртұтастық әсерін береді.
Шанақ элементтері классикалық автокөліктерді еске түсіретін мүсінді және бедерлі беткі бөлігімен өзара байланысқан. Мұндай құрылым Lexus үшін бірегей: көлденең жазықтықты пысықтау тек өзіндік сызықтардың арқасында ғана емес, көлем есебінен де іске асады. Шанақтың жоғарғы нүктесінің артқы бөлікке қарай жылжуы көлік қақпағының ұзындығын айқындайды.
Салонның алдыңғы бөлігі тек қарқындылығымен ғана емес, жүргізушіге бағытталғандығымен де ерекшеленеді. Артқы орындық алға қарай ашылатын есіктермен шектелген жайлы диван түрінде жасалған. Контрастылы түстік гаммасы осы аса сәнді кроссовердің кеңдігі мен атмосферасын айқындайды.
Аспаптар панелінің дәстүрлі дизайнымен салыстырғанда, үшкір, қырлы пішіндер бір-біріне қойылып, бір-біріне өтеді де, ерекше көрінеді. Панельдің әр бұрышында есіктің сыртына бекітілген бүйірлік айналар берген көрініс шығарылатын экран орналасқан.
HMI (интерфейс «адам-машина») борттық технологиялары өз өмірін үнемі желіге қосылусыз елестете алмайтын жүргізуші мен жолаушылардың ақпаратты түйсікті түрде үш өлшемді көрсетілімде пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін әзірленген.
Жүргізушінің алдындағы аспаптар панеліне өз бойына цифрлық және аналогтық ақпаратты үйлестірген ауада қалықтап тұрған голограмма секілді мөлдір шар орналасқан. Ортаңғы консольдің үстіндегі мөлдір қырлы беттер климат-бақылау және ақпараттық ойын-сауық жүйесі туралы деректер голограмма түрінде берілетін кристалдық аумақ жасайды. Бұл мәліметтерді жүргізуші де, алдыңғы жолаушы да оңай оқи алады.
Одан бөлек Lexus UX концепт-карында борттық электр жабдықтарының ең заманауи әзірлемелері іске асқан. UX электрлі хромды әйнектермен жабдықталған, ал дәстүрлі сыртқы айналардың орнына, есікке камералар орнатылған. Камерадағы суреттер жәй ғана декоративті элемент емес, олар ерекше үйлестірілген Inside-Out аспаптар панелінің бір бөлігі болып табылатын салон ішіндегі экранға шығарылады.
Алдыңғы тіреулерді жасау барысында пайдаланылған дизайнерлік шешімдер өз жалғасын арнайы жаңа буынға арналған аспаптар панелінің алмалы-салмалы дыбыстық модулінен тапты.