Болашақта автокөліктер біз үшін ең басты әуестік пен шабыт алудың сарқылмас көзі болып қала береді. Біздің батыл концептуалды үлгілеріміз Lexus-тің даму бағытын айқындайды. LF-FC, LF-SA және UX концепт-карларының бірегейлігі расымен де әсерлі. Бұл автокөліктердің халықаралық автосалондарда өткен таныстырылымы көргендердің көз жауын алып, жүректерін лүпілдетті.
Автоматтандырылған басқарудың кең мүмкіндігіне ие Lexus LS+ концепт-карының әлемдік таныстырылымы болды.
UX концепт-карын Lexus-тің Еуропалық жобалау орталығы әзірледі. Ең басынан-ақ бұл үлгі желілік ортаның пайда болуын асыға күтіп жүрген прогрессивті қалалық жүргізушілердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Өте әсерлі LF-FC концептуалды автокөлігі тек сән-салтанат туралы үнемі өзгеріп отыратын ұғымдарды ғана емес, біздің клиенттеріміз үшін болашақты күні ілгері білуге деген ұмтылысымызды да көрсетеді.
Адуынды. Бірегей. Әсершіл. Қала үшін жаралған. LF-FC-дің жаңашылдығы оның шағын әрі қарқынды шанағынан өте кең салонына дейінгі әр элементінен көрінеді.